ПСЖ Месси, Неймар мен Мбаппе үштігіндегі артық ойыншыны анықтады

©"Чемпионат"

"Пари Сен-Жермен" басшылығы шабулшылар Килиан Мбаппе, Неймар мен Лионель Мессидің одағы командаға зиян деген пікірге келді, деп хабарлайды Vesti.kz.

L'Equipe мәліметінше, үш форвардтың біріге ойнауы дисбаланс тудырады екен. Осы орайда клуб Мбаппеден айырылғысы келмейді, ал Неймардың кеткісі жоқ. 

Осыған байланысты Мессидің өзінің де франциялық клубтан кетуді қалайтынын ескере отырып, аргентиналықпен қош айтысу орынды көрінеді. 

Оның үстіне Мбаппе мен Неймардың ПСЖ-мен келісімшарттары ұзақ мерзімге жасалған, Ал Мессидікі осы маусым соңында аяқталады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар