ПСЖ мен "Барселона" туриндік "Ювентустің" хавбегі үшін таласқа түскелі тұр

Сурет: Soccernews.ru
Франциялық ПСЖ футбол командасы турниндік "Ювентустің" жартылай қорғаушысы Миралем Пьяничті сапына қоспақ, - деп хабарлайды sports.ru.

Париждік клубтың спорт директоры Леонардо босниялық футболшыны ол "Лион" сапына өнер көрсетіп жүрен кезден бері сатып алғысы келеді. Алайда қазіргі таңда Пьяничке каталондық "Барселона" да ұсыныс жасап отыр. Сыбыс бойынша, каталондық клуб форвардпен төрт жылдық келісімшартты талқылап қойған көрінеді. 

ПСЖ Пьянич орнына "Ювентуске" басқа жартылай қорғаушы - Леандро Паредесті беруге дайын екен.