ПСЖ мен "Барселона" ойыны күтпеген жерден ойсырай ұтылумен аяқталды

©УЕФА

"Барселона" мен ПСЖ Чемпиондар лигасының ширек финалындағы қарымта матчін өткізді, деп жазады Vesti.kz

Испанияда өткен кездесу 4:1 есебімен франциялық команданың пайдасына аяқталып, ПСЖ турнирдің жартылай финалына өтті. 

Алаң қожайындарының бразилиялық шабуылшысы Рафинья 12-минутта есеп ашты. Ал 29-минуттан бастап Хави шәкірттері азшылықта қалды, Рональд Араухо қарсыласын аяқтан шалғаны үшін алаңнан қуылды 

Осыдан кейін париждіктер көптігін ұтымды пайдалана білді. 40-минутта Усман Дембеле есепті теңестірді - 1:1.

14 минуттан кейін Витинья ПСЖ-ны есепте алға шығарды.

61-минутта "Барса" қақпасына айып добы белгіленді, Килиан Мабппе 11 метрден дәл соққы жасады. Ал 89-минутта шабуылшы дубль авторы атанды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport