ПСЖ Мбаппенің орнын басатын ойыншы тапты

©instagram.com/psg

"Пари Сен-Жермен" басшылығы Килиан Мбаппені алмастыратын ойыншы тапқан сияқты, деп хабарлайды Vesti.kz. Мбаппе жазғы трансферлік кезеңде командадан кетуі мүмкін. 

Sports Zone мәліметінше, париждіктер "Манчестер Юнайтед" шабуылшысы Маркус Рашфордқа көз тігіп отыр екен. Бастапқыда париждік клуб басшылығы Рафаэль Леауды қарастырған еді, алайда ол "Миланмен" келісімшартын ұзартты.

Рашфордтің өзі "Юнайтедпен" келісімшартын ұзартқысы келеді, дегенмен ПСЖ қызығушылығы көңіліне жағып қалған көрінеді. Ол былтыр париждік клубқа өтуге тырысқан да екен.

Өткен маусымда 25 жастағы Рашфорд "МЮ" үшін барлық турнирде 56 матчке қатысып, 30 гол салып, 11 ассист жасапты. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport