ПСЖ Мбаппенің құнын атады

16 қыркүйек 2020 13:38
Сурет: Soccernews.ru
Килиан Мбаппе 2021 жылы жазда "Пари Сен-Жермен" командасынан кетуі мүмкін. Мұндай ниеті барын ойыншы клуб басшылығына ескерткен екен, - деп хабарлайды Eurosport сайты The Sun басылымына сілтеме жасап.

Осыған байланысты ПСЖ 21 жастағы футболшының трансферінен 325 миллион еуро пайда көрмек, алайда, бұл ең мықты клубтар үшін де тым үлкен сома. Ал 2022 жылы Мбаппе мүлде еркін агент ретінде кете алады.

Мадридтік "Реал" форвард үшін 100 миллион ғана беруге дайын.

Жыл басында CIES Football Observatory зерттеу орталығы ең қымбат футболшылардың жаңартылған рейтингін жариялаған еді. Онда Мбаппе 265,2 миллион еуроға бағаланып, тізімде бірінші болған. Ал Transfermarkt футболшының қазіргі құнын 180 миллион еуро деп отыр.
Жаңалықтар