ПСЖ Мбаппені трансферге қоймақ. Шабуылшының құны айтылды

©instagram.com/k.mbappe/

"Пари Сен-Жермен" команда шабуылшысы Килиан Мбаппені жазғы трансферлік кезеңде сатуға дайын, деп хабарлайды Vesti.kz сайты AS.com басылымына сілтеме жасап.

Мәлімет бойынша, париждік клуб басшылығы футболшыны 250 миллион еуроға еркіне жіберуге дайын. ПСЖ әлі де мадридтік "Реалдан" ұсыныс күтіп отыр екен. 

Сонымен қатар, париждіктер әлі де Мбаппені 2024 жылы аяқталатын келісімшартты созуға көндіруге тырысуда. Сонымен қоса, өткен аптада Парижге Катар өкілдері келіп, Мбаппеге қатысты келіссөз өткізген екен. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport