ПСЖ Мбаппеге қатысты "Реалдың" үстінен ФИФА-ға шағым түсірмек

©ТАСС

Париждік ПСЖ клубы ФИФА-ға мадридтік "Реалдың" үстінен арыз түсіру жолдарын қарастырып жатыр, деп хабарлайды The Telegraph

Франциялық клубқа испаниялықтардың шабуылшы Килиан Мбаппеге қатысты әрекеті ұнамай жатқан көрінеді. 

Мәлімет бойынша, ПСЖ басшылығы Мбаппе "Реалмен" келісімшартқа қол қойып қойғанына және еркін агент ретінде келесі жылы мадридтік клубқа 160 миллион еуроға барғалы тұрғанына сенімді. 

Егер бұл рас болса, "Реал" ереже бұзып отыр, өйткені футболшымен клубтың рұқсатынсыз келіссөзді тек келісімшарт аяқталардан алты ай бұрын ғана жүргізуге болады. Ал Мбаппе мен ПСЖ арасындағы келісімшарт әлі бір жылға жарамды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport