"Реал" көп жылдан бері болашағы зор жас таланттарды мансабының ерте кезеңінде өз қатарына қосу стратегиясын ұстанып келеді, бұл - кейінгі миллиондаған еуролық трансферлерден аулақ болудың бір жолы. Осындай басты трансферлік мақсаттардың біріне "Лилль" клубының 17 жастағы жартылай қорғаушысы Айюб Буадди айналды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Лига 1 чемпионатында екі маусым бойы тұрақты ойнап жүрген Буадди - қазіргі франциялық футболдың ең үлкен үміттерінің бірі саналады.
Don Balon мәліметінше, "Реал" клубының скауты Жуни Калафат жас ойыншыны ұзақ уақыт бойы бақылауда ұстаған. Алайда бұл жағдайды ПСЖ президенті Нассер Әл-Хелаифидің тікелей араласуы күрделендіріп жіберді.
Іске араласқан ПСЖ қысымды күшейтті
Париждік клуб Буадди үшін күреске белсенді араласып, ойыншыға Францияда қалуын және ұлттық құрама бапкерлерінің назарынан тыс қалмастан негізгі командаға жол ашылатынын ұсынуда. БАҚ мәліметтері бойынша, Әл-Хелаифи Буаддидің айналасындағы адамдарға жеке қысым көрсетіп, бұл трансфер арқылы тек өз командасын күшейтуді емес, сонымен қатар, Килиан Мбаппе төңірегіндегі тартыстан кейін қарым-қатынасы ушығып кеткен "Реалға" соққы беруді де көздейді.
Буадди пас беру мәдениеті жоғары, дриблингі мықты әрі жасына тән емес ойынға деген пісіп-жетілгендігімен ерекшеленеді, сол себепті "Реал" құрам жасақтау саясатында оны басты нысанаға алған.
Жас дарын үшін таласта жеңіске кім жетеді?
Қазірше Буаддидің өзі қай клубты таңдайтыны белгісіз, алайда, ПСЖ мен "Реал" арасындағы трансферлік бәсекелестік оның болашағына деген қызығушылықты арттыра түсуде.
Transfermarkt порталының дерегі бойынша, футболшының нарықтық құны - 28 миллион еуро, ал "Лилльмен" арадағы келісімшарты 2027 жылға дейін жарамды.
Жарнама