Футболдан Франция чемпионы "Пари Сен-Жермен" бас бапкері мен бірқатар ойыншыларының келісімшарттарын ұзарту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Vesti.kz.
ПСЖ негізгі тұлғаларымен келісімшартты ұзарттыПариждік клуб мына мамандар мен футболшылардың келісімшарттары ұзартылғанын жариялады:
бас бапкер Луис Энрике - 2030 жылға дейін;
бразилиялық әмбебап ойыншы Лукас Бералдо - 2031 жылға дейін;
франциялық жартылай қорғаушы Сенни Меюлю - 2031 жылға дейін;
португалиялық жартылай қорғаушы Жоау Невеш - 2031 жылға дейін;
эквадорлық қорғаушы Вильян Пачо - 2031 жылға дейін;
испаниялық жартылай қорғаушы Фабиан Руис - 2028 жылға дейін.
Қазіргі таңда ПСЖ Лига 1 турнирлік кестесінде үш ойыннан кейін екі ұпай жинап, 13-орында тұр. Луис Энрике шәкірттері чемпионаттағы келесі кездесуін 12 қыркүйекте өз алаңында "Лионға" қарсы өткізеді.
Луис Энрикенің ПСЖ-дағы жетістіктеріЕске салайық, Луис Энрике ПСЖ тізгінін 2023 жылы ұстады. Испаниялық маманның жетекшілігімен париждіктер Франция чемпионатында үш рет, Чемпиондар лигасында екі рет, Франция кубогінде екі рет, УЕФА Суперкубогінде бір рет, Франция Суперкубогінде үш рет жеңіске жетті. Сонымен қатар команда құрлықаралық кубокты иеленді.