Францияның "Пари Сен-Жермен" клубы мен Испания құрамасының жартылай қорғаушысы Фабиан Руис өзін 2026 жылғы "Алтын допты" иеленуге лайық деп санайды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Руис "Алтын допқа" лайық екенін айтты
"Командалық деңгейде барлық жүлдені жеңіп алдым! Осы уақытқа дейін атқарған жұмысымнан кейін маған жетіспейтіні - жеке жүлде, яғни "Алтын доп". Бұл мені лайықты деңгейде мойындатады", - деді Руис Telefoot басылымына берген сұхбатында.
Өткен маусымда Руис "Пари Сен-Жермен" сапында Франция чемпионы атанып, қатарынан екінші рет Чемпиондар лигасын жеңіп алды. Сондай-ақ жартылай қорғаушы халықаралық аренада да үлкен жетістікке жетіп, Испания құрамасымен бірге 2026 жылғы әлем чемпионатында жеңіске жетті.
Өткен маусымда 30 жастағы футболшы париждік клуб сапында барлық турнирде 34 матч өткізіп, екі гол соғып, бес нәтижелі пас берді. Әлем чемпионатында Руис сегіз кездесуге қатысып, бір гол соқты.
Бұған дейін ПСЖ бас бапкері Луис Энрике де Руисті 2026 жылғы "Алтын допты" иеленуге басты үміткерлерінің бірі ретінде атаған болатын.
Жарнама