Футбол
27 қыркүйек 2022 16:29
 

ПСЖ командасының бұрынғы футболшысы Мбаппе туралы айтудан бас тартты

  Пікірлер

blog.share

ПСЖ командасының бұрынғы футболшысы Мбаппе туралы айтудан бас тартты ©ПСЖ ФК

Франциялық ПСЖ командасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Леандро Паредес Килиан Мбаппе туралы әңгіме айтудан бас тартты, деп жазады Goal.com порталы. 

blog.share

Франциялық ПСЖ командасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Леандро Паредес Килиан Мбаппе туралы әңгіме айтудан бас тартты, деп жазады Goal.com порталы. 

Тамыз айында Мбаппе ПСЖ президенті Нассер Аль-Хелайфиден командадан "аргентиналық топты" кетіруді талап етті деген ақпарат шықты. Бұл топқа Лионель Месси, Анхель Ди Мария, Мауро Икарди және Леандро Паредес кірген. 

"Маған ол туралы айтудың қажеті жоқ. ПСЖ сапында мен кейбір футболшылармен жақсы араластым. Ал кейбірімен мүлде араласпадым. Сондықтан байланысым болмаған футболшылар туралы ештеңе айта алмаймын", - деді қазіргі уақытта "Ювентус" сапында ойнайтын футболшы. 

Айта кетейік, жазда "аргентиналық топтан" Ди Мария мен Паредес "Ювентус" сапына ауысса, Икарди "Галатасарайға" жалға берілді. 
 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!