ПСЖ командасы португалиялық жартылай қорғаушыны қатарына қосты

©ПСЖ ФК

"Портудың" жартылай қорғаушысы Витинья ресми түрде ПСЖ клубына ауысты.

22 жастағы ойыншының париждік клубпен келісімшарт мерзімі 2027 жылға дейін есептелген. Осылайша, ПСЖ-ның жаңа спорт директоры Луиш Кампос алғашқы трансферін жасады.

"Пари Сен-Жермен" сияқты үлкен клубқа ауысқаныма өте қуаныштымын. Қолымнан не келетінін көрсеткім келеді. "Портудағы" ең жақсы маусымымды аяқтап, титулдарды жеңіп алдым және өзім армандағандай Португалияның үздік футболшысы атандым. Мен одан әрі прогресс жасап, жаңа командаммен де жүлделерді ұтып алуды жалғастырамын. Өзім туралы көп айтқанды ұнатпаймын, бірақ, адамдардың менің ойынымды көріп, өз пікірін қалыптастырғанын қалаймын. Жалпы, мен әдемі футболды жақсы көремін, әріптестерім үшін жұмыс істеуге тырысамын және пайдалы болу үшін барымды саламын. Командада португалиялық Данило Перейра мен Нуно Мендеш бар - мен олармен осы клубқа ауыспас бұрын біраз сөйлестім. Бастапқыда маған кішкене көмек керек, олар қол ұшын созады деп ойлаймын", - деді Витинья ПСЖ-ның ресми сайтына берген сұхбатында.

Португалиялық футболшы үшін "Порту" 40 миллион еуро алады. Өткен маусымда Витинья барлық турнирлерде 47 матчқа қатысып, төрт гол соқты, бес нәтижелі пас берді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар