ПСЖ командасы Погба мен Холандты сатып алуға ниетті

Сурет: ESPN

ПСЖ басшылары Килиан Мбаппе "Реал" командасына ауысатын болса бірнеше трансфер жасауға ниетті. Бұл туралы ESPN басылымы хабарлайды. 

Дереккөздің ақпараты бойынша, егер Мбаппа париждік командадан кетсе, ПСЖ басшылары дортмундық "Боруссияның" шабуылшысы Эрлинг Холанд пен "Манчестер Юнайтетдің" жартылай қорғаушысы Поль Погба мен "Ренн" ойыншысы Эдуардо Камавинганы сатып алмақшы. 

Айта кетейік, Холанд "Боруссия" сапында 2020 жылдың қаңтар айында "Зальцбургтен" ауысып келді. Оның германиялық клубпен келісімшарты 2024 жылдың 30 маусымында аяқталады. Transfermarkt порталы бұл футболшыны 130 миллион еуроға бағалап отыр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар