ПСЖ командасы "МЮ" шабуылшысын қатарына қосып алуы мүмкін

©"МЮ" ФК

"Манчестер Юнайтед" шабуылшысы Маркус Рашфорд карьерасын Францияда жалғастыруы мүмкін. Оған ПСЖ командасы қызығушылық білдіруде, деп жазады Media Foot порталы. 

Дереккөздің ақпараты бойынша, париждік команда шабуылшыға жазда қызыққан. Бірақ ол кезде Рашфорд командада қалуды жөн санады. Енді ПСЖ командасы оны қыста сатып алмақ. 

Шабуылшының "МЮ" командасымен келісімшарты келесі жылы аяқталады. Енді қыста ПСЖ оны арзан бағаға алуға тырысады. 

Айта кетейік, Рашфорд қыркүйек айында Ағылшын премьер лигасының үздік ойыншысы атанды. 24 жастағы шабуылшы қыркүйек айында екі кездесуде екі гол соғып, екі нәтижелі пас берді. 

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар