Футбол
14 шілде 2022 15:30
 

ПСЖ Мессидің болашағына байланысты шешім қабылдады

  Пікірлер

blog.share

ПСЖ Мессидің болашағына байланысты шешім қабылдады ©twitter.com/brfootball

Франциялық "Пари Сен-Жермен" командасы аргентиналық шабуылшы Лионель Мессимен келісімшартты ұзартуға ниетті, деп жазады Marca басылымы. 

blog.share

Франциялық "Пари Сен-Жермен" командасы аргентиналық шабуылшы Лионель Мессимен келісімшартты ұзартуға ниетті, деп жазады Marca басылымы. 

Шабуылшының қазіргі келісімшарты 2023 жылдың жазында аяқталады. Бірақпариждік команданың басшылары футболшының өкілдері қазірдің өзінде келісімшартты бір маусымға, яғни, 2024 жылғы маусымның соңына дейін ұзартқысы келетінін айтқан.

Месси болса өзінің болашағына байланысты нақты шешімді Катарда өтетін әлем чемпионатынан кейін шығармақшы. Әлем біріншілігінде ол өзінің психологиялық және физикалық жағдайы қандай екенін біліп алу керек. 

ПСЖ тарапынан Мессиге келісімшартты ұзарту туралы ресми ұсыныс әлі түспеген. Алайда клуб басшылары нақты шешім қабылдап қойған. 

Айта кетейік, өткен маусымда 35 жастағы шабуылшы ПСЖ сапында 34 кездесуге қатысып, 11 гол соғып, 14 нәтижелі пас берген. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!