ПСЖ командасы Мбаппенің орнын басатын шабуылшыны тапты

©Reuters

Франциялық ПСЖ командасының басшылары Киллиан Мбаппенің орнын басатын шабуылшы тапты. Бұл туралы Marca басылымы жазды. 

Килиан Мбаппе жуырда мадридтік "Реал" сапына ауысуы мүмкін. Сондықтанда париждік команда оның орнын басатын футболшы іздеуде. 

Ал дереккөздің ақпараты бойынша, ПСЖ басшылары назарын "Бенфиканың" шабуылшысы Дарвин Нуньеске аударған. Уругвайлық шабуылшыны лиссабондық команда  150 миллион еуроның көлемінде сатуға дайын. Бұл шабуылшыға ПСЖ командасынан бөлек "Барселона", "Атлетико" және "Манчестер Юнайтед" командалары да көз тігіп отыр. 

Биыл Дарвин Нуньес "Бенфика" сапында барлық турнирде 42 ойынға қатысып, 34 гол соқты. Transfermarkt порталы болса 22 жастағы шабуылшыны 40 миллион еуроға бағалап отыр. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport