ПСЖ Килиан Мбаппенің орнын басатын шабуылшы тапты

©Reuters

Ағылшындық "Эвертон" командасының шабуылшысы Ришарлисон карьерасын Францияда жалғастыруы мүмкін. 24 жастағы бразилиялық футболшыны "Пари Сен-Жермен" командасы сатып алуы ықтимал, деп жазады RMC Sport. 

Дереккөздің мәліметі бойынша, ПСЖ командасының басшылары Ришарлисонды командадан кеткісі келіп жүрген Килиан Мбаппенің орнын басатын шабуылшы ретінде қарастырып отыр. 

Оның үстіне Ришарлисон ПСЖ сапында өнер көрсететін Неймардың жақын достарының бірі. Сол үшін Ришарлисонмен келіссөз жүргізуді де қиын болмайды. 

Айта кетейік, 2020/2021 маусымда Ришарлисон "Эвертон" сапында 40 ойын өткізіп, 13 гол соғып, 3 голдық пас берген.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: