ПСЖ Килиан Мбаппенің орнын басатын футболшы тапты

©Sportliga.com

Франциялық "Пари Сен-Жермен" футбол клубы шабуылшы Килиан Мбаппе командадан кеткен жағдайда оның орнын басатын ойыншы іздеуде, деп хабарлайды AS.

Париждіктер қазіргі таңда "Ред Булл Зальцбург" футболшысы Карим Адейемиге көз тігіп отыр екен. Мұның алдында Каримге "Бавария", дортмундтық "Боруссия", "РБ Лейпциг" пен "Ливерпуль" қызығып отырғаны хабарланған.

Осы маусымда Карим Адейеми "РБ Зальцбург" үшін 18 матчте 14 гол салған және бір нәтижелі пас берген. Футболшының клубпен қазіргі келісімшарты 2024 жылға дейін жасалған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport