Футбол
4 мамыр 2020 11:08

ПСЖ Килиан Мбаппе мен Неймарды теңестіретін болды

Сурет: UA-Football
"Пари Сен-Жермен" шабуылшысы Килиан Мбаппе франциялық клубтан кетпеуі мүмкін, - деп хабарлайды Daily Mail.

Франциялық форвардқа мадридтік "Реал" қызығушылық танытып отыр, дегенмен, ол ПСЖ-мен келісімшартты ұзарту мүмкіндігін қарастыруда. Өйткені париждік клуб футболшыға аптасына 682 мың еуро төлеуге дайын. Қазір командада бразилиялық шабуылшы Неймар осынша алады. 

Франция чемпионатының осы маусымында Мбаппе 20 матчте 18 гол салып, бес нәтижелі пас берді. Чемпиондар лигасындағы жеті ойында бес гол соққан. Футболшы мен ПСЖ арасындағы келісімшарт 2022 жылға дейін есептелген.