ПСЖ жеті бірдей футболшымен қоштаспақ

© Footboom.com
"Пари Сен-Жермен" трансферлік кезеңде командадан кетуі мүмкін футболшыларды анықтап алды, - деп хабарлайды Sport.es.

Ақпарат бойынша, париждіктер маусым аяқталғанда қорғушылар Тило Керер мен Тома Менье, жартылай қорғаушылар Леандро Паредес, Юлиан Дракслер, Андер Эррерой, Идрисса Гейемен және форвард Эдинсон Каванимен қоштасуға дайын.

Келесі жазда Кавани мен Меньенің париждік клубпен келісімшарты аяқталады. Ал Керер, Паредес, Дракслер, Эррер мен Гейенің жалпы трансферлік құны 140 миллион еуро.

Франция чемпионатының турнирлік кестесінде ПСЖ 45 ұпаймен бірінші орында. Екінші орындағы "Марсель" көшбасшыдан бір матч артық ойнағанымен, жеті ұпай кем жинаған.