ПСЖ жаңа бапкермен келіссөз жүргізді
©Ницца ФК
ПСЖ клубы "Ницца" бас бапкері Кристоф Гальтьемен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
ПСЖ клубы "Ницца" бас бапкері Кристоф Гальтьемен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Гальтье париждік командада кем дегенде екі жыл жұмыс істейді. Ал жылдық табысы осыған дейінгі жаттықтырушы Маурисио Почеттинодан анағұрлым төмен болады. Биылғы маусымда Чемпиондар Лигасының 1/8 финалынан ұшып кеткендіктен, БАҚ беттерінде аргентиналық бапкердің қызметінен кетуі тиіс деген ақпараттар таратқан еді.
Гальтье "Ницца" сапына 2021 жылы келген. Былтыр оның командасы Франция чемпионатында бесінші орын иеленді. Ол бапкерлік карьреасында "Ниццадан" бөлек, "Лилль" және "Сент Этьен" клубтарында жұмыс істеді.
Жарнама