Футбол
Бүгін 09:31
 

ПСЖ испаниялық клубты "шыбын құрлы көрмеді": матч есебі 6:0

  Пікірлер

blog.share

ПСЖ испаниялық клубты "шыбын құрлы көрмеді": матч есебі 6:0 Фабиан Руис. ©Depositphotos/canno73

Франциялық "Пари Сен-Жермен" Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі төртінші турда испаниялық "Вильярреалды" тас-талқан қылды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Франциялық "Пари Сен-Жермен" Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі төртінші турда испаниялық "Вильярреалды" тас-талқан қылды, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Эстадио-де-ла-Серамика" стадионында өткен матч қонақтардың 6:0 есебімен жеңісімен аяқталды.

Кездесудің тағдыры бірінші таймда-ақ шешілді. Париждік клуб сапынан Жоау Невеш (9-минут), Дезире Дуэ (12-минут), Сенни Маюлю (13-минут) және Фабиан Руис (17-минут) гол соқты. Үзілістен кейін Фабиан Руис (50-минут) дубль авторы атанса, Давид Боли (78-минут) матч нүктесін қойды.

Осылай ПСЖ 12 ұпаймен турнир кестесінде көш бастап тұр. Ал "Вильярреал" үш ұпаймен 29-орында орналасқан.

Чемпиондар лигасының келесі турында "Вильярреал" сырт алаңда чехиялық "Славиямен" ойнайды. Ал ПСЖ өз алаңында италиялық "Ромамен" кездесу өткізеді. Екі матч та 25 қарашаға жоспарланған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!