ПСЖ-ға қыруар ақша ұсынған "Реал" Мабеппені тез арада сапына қоспақ ниетте

Сурет: ПСЖ клубының "Твиттер" желісінен

Мадридтік "Реал" Килиан Мбаппенің трансфері үшін "Пари Сен-Жерменге" 160 миллион еуро ұсынды, деп хабарлайды Р-Спорт журналист Фабрицио Романоға сілтеме жасап.

Мәлімет бойынша, мадридтік клуб бұл келісімді тез арада жасауға ниетті, алайда, ПСЖ басшылығы әлі бұған келісім берген жоқ және ойыншының өзімен келіссөз жүргізуге де рұқсат етпеді. 

Мұның алдында Мбаппе қазіргі келісімшартты ұзарту бойынша ПСЖ-ның үш бірдей ұсынысын қабылдамады. 

Мбаппе Франция құрамасымен 2018 жылы әлем чемпионы атанды, 2017 жылы "Монако" сапынан париждік клубқа ауысты. Содан бері 174 матчта 133 гол салып, 63 нәтижелі пас берді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар