"Пари Сен-Жермен" футболдан Чемпиондар лигасының алғашқы жартылай финалисі атанды, деп хабарлайды Vesti.kz. Париждік клуб ширек финалдың қарымта матчында ағылшындық "Ливерпуль" командасын ұтып, келесі кезеңге өтті.
Екі кездесудің қорытындысы бойынша ПСЖ қарсыласынан бірде-бір гол жіберген жоқ.
Тартыс қалай өтті
Өз алаңындағы бірінші матчте ПСЖ "Ливерпульді" 2:0 есебімен ұтқан еді. Қарымта матчта ағылшын клубының камбэк жасау мүмкіндігі болды, өйткені айырмашылық аса үлкен емес еді. Алайда "Ливерпуль" ойыншылары тағы да қарсылас қақпасын дәл көздей алмады.
72-минутқа дейін таблодағы есеп ПСЖ-ны толық қанағаттандыратын 0:0 күйінде тұрды. Осы сәттен кейін Усман Дембеле франциялық клубты есепте алға шығарды, ал қосымша уақытта дубль авторы атанды.
Нәтижесінде, ПСЖ осы матчта 2:0, ал екі ойынның қорытындысы бойынша 4:0 есебімен жеңіске жетті.
Жартылай финалда кіммен ойнайды
ПСЖ-ның Чемпиондар лигасының жартылай финалындағы қарсыласы "Реал" мен "Бавария" жұбының жеңімпазы болады. Бұл текетірестің алғашқы матчында неміс клубы сырт алаңда 2:1 есебімен жеңіске жеткен.
Ал қатар ойындарда "Атлетико" – "Барселона" және "Спортинг" – "Арсенал" жұптары өзара мықтыны анықтауда.
Жарнама