ПСЖ футболшысы клуб тарихына атын жазды

©ПСЖ

"Пари Сен-Жермен" Франция чемпионатының 19-турында "Ренн" командасынан ұтылды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл матчте бір ғана гол соғылды - 65-минутта Амари Траоре алаң қожайындарына жеңіс сыйлады.

Алайда бұл матч Уоррен Заир-Эмери үшін айтулы болды. 

Opta Sports мәліметінше, ол Франция чемпионатында ПСЖ сапында алаңға негізгі құраммен шыққан ең жас футболшы атанды (16 жас 313 күн).

72-минутта оны алаңда Карлос Солера алмастырды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport