"Пари Сен-Жермен" клубы Франция чемпионатының 30-турында "Лионға" есе жіберіп, ұпай жоғалтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Париждегі "Парк-де-Пренс" стадионында өткен матчта қонақтар 1:2 есебімен жеңіске жетті.
"Лион" командасы сапында Эндрик (6 минут) пен Афонса Морейра (18 минут) гол соқты. Ал алаң иелерінің бір голын матч аяқталар тұста Хвича Кварацхелия (90+4 минут) өз еншісіне жазды. Сондай-ақ 33 минутта Гонсалу Рамуш (ПСЖ) пенальтиден мүлт кетті.
ПСЖ ұпай жоғалтқанмен, турнир кестесінде 63 ұпаймен көш бастап тұр.
Келесі турда "Лион" өз алаңында "Осермен" ойнаса, ПСЖ сырта алаңда "Анжемен" кездеседі. Екі ойын да 25 сәуірге жоспарланған.
Жарнама