ПСЖ Франция чемпионатында күтпеген жерден сүрінді

Сурет: REUTERS

ПСЖ күтпеген жерден өз алаңында аутсайдерлердің бірі "Нант" командасынан ұтылып, Франция чемпионатында сүрінді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Кездесу "Парк-де-Пренс" стадионында өтіп, 2:1 есебімен аяқталды.

Бірінші голды 42-ші минутта алаң иелерінен Юлиан Дракслер салды. Алайда қарсыластар үзілістен кейін басым түсті, Рэндал Коло 59-шы және Мойзес Саймон 71-ші минутта гол соқты.

Бұл сәтсіздіктен кейін ПСЖ 60 ұпаймен турнир кестесінде екінші, бірінші орында "Лилль", ал "Нант" 27 баллмен 20 команда арасында 18-ші. 

20 наурызда өтетін келесі турда ПСЖ сырт алаңда "Лионмен", ал "Нант" өз алаңында "Лорьянмен" ойнайды.