"Пари Сен-Жермен" клубының вингері Усман Дембелеге қосымша демалыс берілді. Осыған байланысты ол демалыс күндері Франция чемпионатының 6-туры аясында "Ле-Манмен" өтетін матчқа қатыспайды, деп хабарлайды Vesti.kz.
The Touchline мәліметінше, 2025 жылғы "Алтын доп" иесі жарақат алған жоқ.
ПСЖ осы маусымда Дембелеге екінші рет қосымша демалыс беріп отыр.
28 тамыз: футболшы алты күн демалғаннан кейін "Лилльге" қарсы сырт алаңдағы матчқа қатыспады.
10 қазан: қосымша демалыс алғаннан кейін "Ле-Манға" қарсы өз алаңындағы кездесуге қатыспайды.
Дембеле 2023 жылдан бері ПСЖ сапында өнер көрсетіп келеді. Ол кезде париждік клуб футболшыны "Барселонадан" 50 миллион еуроға сатып алған. Быилғы маусымда 28 жастағы ойыншы париждіктер сапында барлық турнирде жеті матч өткізіп, екі гол соқты және төрт нәтижелі пас берді.
ПСЖ сегіз ұпаймен турнир кестесінде алтыншы орында тұр. Ал "Ле-Ман" алты ұпаймен тоғызыншы сатыға жайғасқан.