auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"ПСЖ-да ары қарай ойнай алмайм". Месси "Барселонадан" Неймарды қайтаруды сұрады

"ПСЖ-да ары қарай ойнай алмайм". Месси "Барселонадан" Неймарды қайтаруды сұрады
© Football.ua
"Пари Сен-Жермен" шабуылшысы Неймар жазда франциялық клубтан кетіп "Барселонаға" оралғысы келеді.

27 жастағы бразилиялық бұл ынтасын ПСЖ президенті Нассер Аль-Хелайфиге айтқан: "ПСЖ үшін ары қарай ойнай алмаймын. Үйге оралғым келеді, оны тастап кетпеуім керек еді". Неймардың сөзін El Mundo Deportivo газеті бірінші бетінде жазған.

Париждіктер жақсы ұсыныс алса, бразилиялық футболшыны алдағы жазғы тарнсферде сатуға дайын. Алайда оның құны "Барселонадан" сатып алған 222 миллион еуродан кем болмау керек екен.

ПСЖ Неймарды сатпақ

Сонымен бірге, ПСЖ бас бапкері Томас Тухель де шешінетін орында болатын Неймардың қылығынан шаршаған, сондықтан одан құтылуға қарсы емес. Ал Аль-Хелайфи жақында: "Неймарды ешкім келісімшартқа қол қоюға зорлаған жоқ" деген еді.

El Mundo ақпаратынша, "Барселона" капитаны Лионель Месси клуб басшысы Жозеп Бартомеуден Неймарды қайтаруды сұраған екен.

27 жастағы Неймар ПСЖ сапында 2017 жылдан ойнап келеді. Өткен маусымда форвард Франция чемпионатындағы 17 ойында 15 гол салды және жеті нәтижелі пас берді. Оның париждік клубпен келісімшарты 2022 жылға дейін жасалған.

"Барселона" Неймарды қайтаруға 100 миллион мен үш ойыншыны дайындап қойды
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама