1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Футбол
Кеше 09:18
 

ПСЖ ЧЛ-де "Челсидің" ту-талақайын шығарды

  Пікірлер

blog.share

ПСЖ ЧЛ-де "Челсидің" ту-талақайын шығарды ©

УЕФА Чемпиондар лигасы 1/8 финалындағы бірінші матчта франциялық "Пари Сен-Жермен" өз алаңында "Челсиді" ірі есеппен ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

УЕФА Чемпиондар лигасы 1/8 финалындағы бірінші матчта франциялық "Пари Сен-Жермен" өз алаңында "Челсиді" ірі есеппен ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Кездесу Париж қаласында өтіп, 5:2 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.

Ойынның 10-минутында Брэдли Баркола есеп ашып, париждіктерді алға шығарды. 28-минутта лондондық клуб есепті теңестірді - қорғаушы Мало Гюсто шабуылға қосылып, гол соқты.

Алайда бірінші тайм аяқталар алдында "Пари Сен-Жермен" қайтадан алға шықты. 40-минутта Усман Дембеле қарсы шабуылды сәтті аяқтады. Бұл шабуыл қақпашы Матвей Сафонов жасаған сейвтен кейін басталған.

Екінші таймда Челси тағы да есепті теңестірді. 58-минутта жартылай қорғаушы Энцо Фернандес мергендік танытты.

Дегенмен 74-минутта Витинья дәл соққымен париждіктерді қайтадан алға шығарды. Матч соңында Хвича Кварацхелия екі гол соғып, кездесудің тағдырын анық шешті. Ол 86-минутта бір рет мергендік танытып, 90+4-минутта дубль жасады.

Қарымта матч 17 наурызда Лондон қаласындағы Стэмфорд Бридж стадионында өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!