Футбол
Бүгін 09:03

ПСЖ Чемпиондар лигасында "Романы" ұта алмады

©x.com/PSG

Франциялық ПСЖ Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі бесінші тур матчында италиялық "Ромамен" тең түсті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Парижде өткен кездесу 2:2 есебімен аяқталды.

Матчтың басында-ақ есеп ашылды. Кездесудің бесінші минутында "Рома" қорғаушысы Марио Эрмосо допты қақпаға енгізді. Париждік команда 31-минутта қорғаушы Илья Забарныйдың голының арқасында есепті теңестірді. Екінші таймда Усман Дембеле 62-минутта пенальтиден гол соғып, ПСЖ-ны алға шығарды.

Алайда 78-минутта шабуылшы Дониэлл Мален де пенальтиді сәтті орындап, римдіктер есепті теңестірді. 11 метрлік айып добы Витинья өз айып алаңында қолмен ойнағаннан кейін белгіленді. Қалған уақытта есеп өзгерген жоқ.

Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі алтыншы тур 8 желтоқсанда өтеді. ПСЖ сырт алаңда "Астон Вилламен" кездессе, "Рома" өз алаңында "Спортингпен" ойнайды.

Айта кетейік, париждік клуб Чемпиондар лигасының қазіргі жеңімпазы саналады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport