Футбол
Бүгін 10:41

ПСЖ Чемпиондар лигасында англиялық клубтарды шетінен талқандап жатыр

©Global Look Press

ПСЖ Чемпиондар лигасының быилығ маусымында ағылшын клубтарына қарсы тамаша ойын көрсетіп келеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Париждік клубтың еншісінде АПЛ командаларына қарсы матчтарда төрт жеңіс және бір тең нәтиже бар. Жалпы есеп – 16:5. Кезекті қарсылас "Ливерпуль" болды: ширек финалдың алғашқы матчында франциялықтар 2:0 есебімен басым түсті. Кездесу 8 сәуір Париждегі "Парк де Пренс" стадионында өтті.

Бұған дейін 1/8 финалда париждік команда "Челсиді" еш мүмкіндік қалдырмай жарыс жолынан шығарды – лондондықтарды екі ойында да ұтты (5:2 және 3:0). Сонымен қатар, турнирдің жалпы кезеңінде ПСЖ "Тоттенхэмді" 5:2 есебімен ойсырата жеңіп, "Ньюкаслмен" 1:1 есебімен тең түсті.

"Ливерпульге" қарсы қарымта кездесу 14 сәуірде "Энфилд" стадионында өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport