Жарнама

Футбол
15 сәуір 14:17
 

ПСЖ Чемпиондар лигасында 20 жыл тұрған рекордтан асып түсті

  Пікірлер

blog.share

ПСЖ Чемпиондар лигасында 20 жыл тұрған рекордтан асып түсті ©ПСЖ

Франциялық "Пари Сен-Жермен" "Ливерпульді" ұтып, Чемпиондар лигасының жартылай финалына шыққаннан кейін бірден бірнеше рекорд орнатты, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Франциялық "Пари Сен-Жермен" "Ливерпульді" ұтып, Чемпиондар лигасының жартылай финалына шыққаннан кейін бірден бірнеше рекорд орнатты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ширек финалдың қарымта ойыны Ливерпульдегі "Энфилд" стадионында өтіп, қонақтардың жеңісімен аяқталды (алғашқы матчта да париждіктер дәл осындай есеппен жеңген болатын - 2:0).

Бұл кездесу ПСЖ үшін Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі қатарынан тоғызыншы жеңіліссіз матч болды. Осылайша, париждік клуб Франция футболы үшін жаңа рекорд орнатып, 20 жыл бойы сақталған "Лионның" жетістігінен асып түсті. 2004 жылдың сәуірі мен 2006 жылдың наурызы аралығында "Лион" сегіз матч қатарынан жеңілмеген еді.

Сонымен қатар, ПСЖ қатарынан үшінші рет Чемпиондар лигасының жартылай финалына қтті. Бұған дейін мұндай нәтижеге бірде-бір франциялық клуб жетпеген еді.

Тағы бір ерекше жетістік - ПСЖ еурокубоктар тарихында "Энфилдте" екі маусым қатарынан жеңіске жеткен алғашқы команда атанды. Өткен маусымда париждіктер "Ливерпульді" сырт алаңда 1:0 есебімен ұтқан болатын.

 Бұған дейін "Барселона" мен "Аталанта" "Энфилдте" қатарынан жеңіске жеткенімен, олар мұны екі маусым қатарынан жүзеге асыра алмаған еді.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!