1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Футбол
Кеше 09:32
 

ПСЖ Чемпиондар лигасында 0:2 ұтылып жатып камбэк жасады

  Пікірлер

blog.share

ПСЖ Чемпиондар лигасында 0:2 ұтылып жатып камбэк жасады ©УЕФА

"Монако" клубы Чемпиондар лигасының 1/16 финалындағы алғашқы матчта "Пари Сен-Жермен" командасына есе жіберді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

"Монако" клубы Чемпиондар лигасының 1/16 финалындағы алғашқы матчта "Пари Сен-Жермен" командасына есе жіберді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Кездесу Монакодағы "Луи II" стадионында өтіп, 2:3 есебімен аяқталды. Алаң иелері 2:0 есебімен алға шыққанымен, басымдықты сақтай алмады. Париждік клуб камбэк жасап, маңызды жеңіске қол жеткізді.

Сонымен қатар, "Монако" 48-минутта Александр Головин қызыл қағаз алғаннан кейін матчтың қалған бөлігін он ойыншымен өткізді.

"Монако" сапында дубльді Фоларин Балоган соқты (1 және 18-минуттар). Париждіктер қатарында Дезире Дуэ екі мәрте мергендік танытты (29, 67), ал тағы бір голды Ашраф Хакими 41-минутта соқты. Айта кетейік, 22-минутта ПСЖ жартылай қорғаушысы Витинья пенальтиді мүлт жіберді.

Қарымта кездесу 25 ақпанда Парижде өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!