ПСЖ Буффнды алмастыратын ойыншы тапты

Сурет: Soccernews.ru
Франциялық "Пари Сен-Жермен" қақпашысы Джанлуиджи Буффон клубтан кетті.

"Алаң мен оның сыртында да джентльмен, командадағы ерекше серіктес. Саған сәттілік тілейміз! Қош бол және бәріне рахмет, Джанлуиджи Буффон", - делінген ПСЖ клубының твиттер желісінде.

41 жастаы Буффон ПСЖ-ға еркін агент құқығымен туриндік "Ювентустан" келген. Келісімшарт биыл жазға дейін есептелген еді. Оны тағы бір жылға созу мүмкіндігі болған, алайда, тараптар мұндайға бармады.

Аяғына жеткен маусымда Буффон клубтық деңгейде 25 матч өткізді. Қақпашының пассивінде 25 гол. ПСЖ-мен ол Франция чемпионы атанған еді. "Ювентуске" дейін голкипер "Пармада" ойнады.

Marca ақпаратынша, париждіктер сапында Буффонды "Реалдағы" Кейлор Навас алмастырады. Мұның алдында мадридтіктер қатарынан үш Чемпиондар лигасын бірге ұтқан қақпашымен қош айтысатыны хабарланған еді. 

32 жастағы Навас "Реал" сапында 2014 жылдан ойнап келеді. Мадридтіктер сапында Навас Испания чемпионы да болған еді.


Жаңалықтар