Футбол
Бүгін 17:45

ПСЖ бір ойыншы үшін 115 миллион ұсынды: "Реал" қозғалатын емес

©Depositphotos/mrogowski_photography

Франциялық "Пари Сен-Жермен" мадридтік "Реалға" 21 жастағы түркиялық жартылай қорғаушы Арда Гюлер үшін 115 миллион еуро көлемінде ұсыныс жасады, деп хабарлайды Vesti.kz сайты Euro-football.ru порталына сілтеме жасап.

"Реал" Гюлерді сатуға асықпайды

Түркиялық және испаниялық БАҚ мәліметінше, Чемпиондар лигасының жеңімпазы "корольдік клубқа" қомақты ұсыныс жасаған. Мадридтік команда қазір бұл ұсынысты қарастырып жатыр. Дегенмен Гюлердің "Реалдан" кету ықтималдығы төмен деп бағаланады.

Мадридтік клуб басшылығы түркиялық футболшының әлеуетін жоғары бағалайды және оны командадағы ең перспективалы ойыншылардың бірі деп есептейді. Сондықтан 115 миллион еуро көлеміндегі ұсыныстың өзі "корольдік клуб" басшылығын трансферге келісуге әзірге иландыра алған жоқ.

"Фенербахче" 23 миллион еуро алуы мүмкін

Гюлер ПСЖ-ға ауысқан жағдайда оның бұрынғы клубы "Фенербахче" де қаржылай пайда көреді. Түркиялық команда футболшының келесі трансферінен 20 пайыз үлесін өзіне қалдырған.

Осылайша, Гюлер 115 миллион еуроға сатылған жағдайда, Ыстамбұл клубына 23 миллион еуро тиеді.

Гюлер 2023 жылдың 6 шілдесінде мадридтік клубтың ойыншысы атанды. "Реал" ол үшін "Фенербахчеге" 20 миллион еуро төледі. Сонымен қатар түрлі бонустар ретінде тағы 10 миллион еуроға дейін қаражат қарастырылған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport