Бүгін түнде футболдан Чемпиондар лигасының жартылай финалындағы алғашқы матч өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Парижде ПСЖ мен Мюнхеннің "Бавария" клубтары кездеседі.
Қайдаy және қашан көруге болады?
Кездесу Қазақстан уақытымен түнгі 00:00-де басталады. Тікелей эфирді Qazsport телеарнасы көрсетеді. Эфир 23:50-де басталады.
Қызықты статистика
Екі команда өзара 16 матч өткізген: 9 жеңіс Баварияда, 7 жеңіс Пари Сен-Жерменде;ПСЖ неміс клубтарына қарсы соңғы 11 еурокубок ойынының тек үшеуінде ғана жеңіске жеткен;Париж клубы жартылай финалда бұрын Боруссия Дортмундтан жеңіліп, РБ Лейпцигты ұтқан;ПСЖ Чемпиондар лигасындағы 100-жеңісіне бір қадам қалды;Бавария француз клубтарына қарсы соңғы 16 ойынның 14-інде жеңіске жеткен;Мюнхендік клуб француз командаларына қарсы жеті екіматчтық текетірестің бесеуінде басым түскен;Соңғы алты жартылай финалда «Баварияның» небәрі бір жеңісі бар;Сонымен қатар, «Бавария» соңғы бес жартылай финалдық екіматчтық текетіресте жеңіліп қалған.Жауапты ойын 6 мамырдан 7 мамырға қараған түні Мюнхенде (Германия) өтеді.Айта кетейік, екінші жартылай финалда 1"Атлетико Мадрид" пен "Арсенал" финал жолдамасын сарапқа салады.