"Пари Сен-Жермен" президенті Нассер Әл-Хелаифи Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналдуды клубқа алу туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Sport24.
Роналду "Манчестер Юнайтедтен" кеткеннен кейін еркін агент атанды.
"Қазіргі үш ойыншымен (Лионель Месси, Неймар мен Килиан Мбаппе) мұндайды іске асыру қиын болады. Мен оған бар жақсылықты тілеймін. Ол әлі де мықты футболшы", - дейді Әл-Хелаифи.
Мұның алдында 37 жастағы Криштиану саудиялық "Әл-Насср" клубымен келісімге келгені туралы ақпаратты жоққа шығарды.