"Пари Сен-Жермен" Франция чемпионатының 29-турындағы кейінге шегерілген матчта "Лансты" ұтып, мерзімінен бұрын чемпион болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Ланс қаласындағы "Боллар-Делелис" стадионында өткен кездесу қонақтардың пайдасына 2:0 есебімен аяқталды. Париждік клуб сапында Хвича Кварацхелия (29-минут) мен Ибраим Мбайе (90+3-минут) гол салды.
Осылайша, париждік команда қатарынан бесінші рет және өз тарихында 14-мәрте Франция чемпионы атанды. Луис Энрике шәкірттері 76 ұпай жинаса, "Ланс" 67 ұпаймен турнир кестесінде екінші орында келеді.
Франция чемпионатының соңғы, 34-туры 17 мамыр күні өтеді. "Ланс" сырт алаңда "Лион" клубымен кездессе, ПСЖ қонақта "Париж" командасына қарсы ойнайды.
Жарнама