Футбол
29 қыркүйек 2022 14:23

ПСЖ басшысы "Барселонаның" былықтарын ашып айтты

©marca

ПСЖ президенті Нассер Аль-Хелайфи "Барселонаның" қаржылық мәселені шешуі жолдарына қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz сайты Relevo басылымына сілтеме жасап. 

Жазда каталондық клуб телетрансляциялау құқығы мен активінің біраз бөлігін сатып пайда көрген. Бұл испаниялық клубқа қаржылық жағдайын түзеп, трансферлер жасауға көмектесті. 

"Бұл әділ ме? Жоқ. Заңды ма? Сенімді емеспін. Егер оларға бұл рұқсат етілсе, өзгелерге де рұқсат беріледі. УЕФА-ның өзінде қаржы реттеушісі бар. Мұның бәріне лайықты баға беріледі", - деді париждік клуб президенті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport