"ПСЖ" басшылығы Неймарды клубтан кетіруі мүмкін. Себебі белгілі

©ПСЖ ФК

Чемпиондар Лигасының 1/8 финалынан шығып қалған соң "ПСЖ" басшылығы клуб саясатын өзгертуі мүмкін, деп жазады Vesti.kz тілшісі Sport.es сайтына сілтеме жасап.

Басылымның мәлімдеуінше, ең алдымен париждіктердің басшылығы бразилиялық форварды командадан кетіреді. Оның да бірнеше себебі бар. Біріншіден, басшылық Неймардың соңғы кездегі ойынына көңілдері толмайды. Екіншіден, шабуылшының Франция астанасында күнделікті сауық-сайран құрып, той-томалақтан шықпайтын өмір сүру образы ұнамайды. Үшіншіден, Неймардың агенттерінің бірі оның әкесі болып табылады. Ал әкесінің "ПСЖ" басшыларымен қарым-қатынасы жақсы емес. Осы факторлардан кейін 30 жастағы ойыншы жазғы трансферлік маусымда басқа ұжымға кетуі мүмкін. 

Еске салайық, "ПСЖ" екі матч нәтижесі бойынша Мадридтің "Реалына" ұтылған еді. Матчтан кейін Неймар қақпашы Доннарумманы ірі есеппен ұтылуына байланысты кінәлаған болатын. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport