ПСЖ басшылары жазда Неймарды командадан кетіретін болды

©Reuters

"Пари Сен-Жермен" командасы бразилиялық шабуылшы Неймардың командадан кетуіне қарсы емес. Париждік команда құрамды Лионель Мессидің ыңғайына байланысты жасақтайтын болды. Бұл туралы Sky Sports хабарлады. 

Дереккөздің ақпараты бойынша, ПСЖ басшылары жазда Неймарға командадан кетуге рұқсат береді. Ұжым жазда жаңа құрам жасақтамақшы. Команданың тізгінін жаңа бапкер ұстауы да мүмкін. Жаңа бапкер Мессидің ыңғайына қарай жаңа ойыншылар алады. 

Айта кетейік, Месси ПСЖ сапына 2021 жылдың жазында "Барселонадан" ауысып келді. 34 жастағы аргентиналық шабуылшы биыл Франция чемпионатында 22 кездесуге қатысып, 4 гол соғып, 13 нәтижелі пас берді. 

Ал Неймар болса ПСЖ сапында 2017 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Ол "Барселонадан" 222 миллион еуроға ауысып келді. Биыл ол Франция біріншілігінде 19 ойында 11 гол соғып, 5 нәтижелі пас берді. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport