ПСЖ бас бапкерін қызметінен қуып жіберді

©Reuters

ПСЖ командасы өзінің ресми сайтында бас бапкер Маурисио Почеттиноның қызметінен босатылғанын хабарлады. 

"Клуб Маурисио Почеттино мен оның көмекшілерін атқарған қызметі үшін алғыс айтып, алдағы уақытта тек сәттілік тілейді",- делінген клубтың ресми сайтында. 

Еске салайық, Почеттино париждік команданың тізгінің 2021 жылдың қаңтарында ұстады. Оның бастамасымен ПСЖ 84 кездесу өткізіп, Франция чемпионы, Франция кубогінің жеңімпазы және Франция суперкубогінің жеңімпазы атанды. 

Айта кетейік, осыған дейін басылымдар ПСЖ командасы маманды қызметінен қуғаны үшін 15 миллион айыппұл төлейді деген ақпарат таратты. Ал оның орнын Кристофер Гальтье басуы мүмкін. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport