ПСЖ бас бапкерге қатысты шешім шығарды

©Sportbox

"Пари Сен-Жерменнің" бас бапкері Маурисио Почеттино жақын арада қызметінен босатылады, деп хабарлайды Sport24 порталы Le Parisien басылымына сілтеме жасап.

Бұған маманның өзі де келісіп отыр. 

Почеттино жетекшілігімен ПСЖ биылғы маусымда мерзімінен бұрын Лига 1 жеңімпазы атанды, алайда, Франция кубогі мен Чемпиондар лигасынан 1/8 финал кезеңінде шығып қалды.

50 жастағы Почеттино ПСЖ командасын 2021 жылдан бері жаттықтырып келеді. Мұның алдында маман "Тоттенхэм" мен "Саутгемптон" клубтарында бапкер болған АПЛ-ге оралғысы келетінін мәлімдеген екен. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport