ПСЖ бапкері Мбаппеге қатысты қатаң шешім қабылдады

©EFE

"Пари Сен-Жерменнің" бас бапкері Луис Энрике шабуылшы Килиан Мбаппеге қатысты бір тоқтамға келді. Париждіктердің жаңа бапкерінің ойынша, егер форвард келісімшартты ұзартқысы келмесе, оны осы жазда-ақ трансферге қою керек екен, деп хабарлайды Vesti.kz сайты El Debate басылымына сілтеме жасап. 

Осылайша, Мбапенің трансферінен түскен ақшаға маман "Ювентус" шабуылшысы Душан Влахович пен "Манчестер Ситидің" жартылай қорғаушысы Бернарду Силваны алғысы келеді.

Егер Мбаппе командада қалмаса оны Жапония бойынша турға да ертудің қажеті жоқ деп есептейді Энрике. Алайда Килиан үш жолдастық кездесуге шықса болғаны ПСЖ 22 миллион еуро табыс көрмек. 

Бапкер Мбаппемен мәселені тез арада шешіп, өз ойындағы команданы жасақтап алмақ. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport