Белгілі инсайдер Фабрицио Романоның сөзінше, "Пари Сен-Жермен" алдағы уақытта трансфер бойынша маңызды жаңалықтарды жария етеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Инсайдердің сөзінше, ПСЖ қазіргі таңда алты футболшымен келісімшарт жасаған: "Бавариядағы" Лукас Эрнандес, "Спортингтегі" Мануэль Угарте, "Мальоркадағы" Канг-Ин Ли және еркін агент статусындағы Марко Асенсио, Милан Шкриньяр және Шер Ндурмен.
Сонымен қоса, париждіктер жаңа бас бапкер болып келетін испаниялық маман Луис Энрикемен келісімге келді.