2017 жылы ПСЖ Мбаппені "Монакодан" жалға алып, бір жылдан соң құқын толық сатып алды. L’Equipe мәліметінше, париждіктер трансферге 145 миллион еуро берген және 35 миллион бонус ретінде қарастырылған.
Бонустар екі жағдайда төленеді: ПСЖ футболшыны келісімшарты аяқталғанша - 2022 жылы сатса немесе онымен келісімшарт ұзартса.
Мұның алдында Мбаппенің өзі ПСЖ-дан кеткісі келетінін меңзеген. Франциялық мадридтік "Реал" сапына өткісі келеді.