Прокурор екі жыл сұрап отыр. Неймар мүлде күтпеген айыппен сотталуы ықтимал
ПСЖ командасының шабуылшысы Неймар сот алдында жауап береді, деп жазады El Pais. Футболшы жемқорлық ісіне қатысты болып отыр.
ПСЖ командасының шабуылшысы Неймар сот алдында жауап береді, деп жазады El Pais. Футболшы жемқорлық ісіне қатысты болып отыр.
Сот ісі Барселонада 17 қазанда басталады. Неймар және тағы бес адам оның "Барселонамен" келісімшарты бойынша айыпталып отыр.
Неймардың ата-анасы және каталондық клубтың президенттері болған Сандро Росель мен Хосеп Мария Бартомеу де жауапқа тартылады.
Бұл сот ісіне DIS компаниясы мұрындық болып отыр. Неймар "Сантоста" ойнап жүргенде футболшыға құқықтың 40 пайызы осы компанияға тиесілі болған. Компания өкілдері футболшы мен оның туыстары компанияны алдады деп 150 миллион өтемақы талап етіп отыр.
Прокурор Неймарды екі жылға бас бостандығынан айыруды сұрап отыр, ал DIS бес жылға соттауды талап етуде.
Жарнама