Премьер-лигаға шыққан команда жаңа бапкер таңдады

©"Ақсу" ФК

"Ақсу" командасының жаңа бапкері Павлодарға келіп жетті, деп хабарлайды "Гол емес" телеграм арнасы.

Аты аталмай отырған маман клуб басшылығымен келіссөз жүргізуге қалаға келген. Келіссөздер сәтті өткенге ұқсайды. 

Енді бұл келісімді облыс басшысы мақұлдау керек. Әкіммен кездесу ертең өтеді. Осыдан кейін бас бапкердің тағайындалғаны туралы ресми хабарланады. Артынша команда бірден Түркияға оқу-жаттығу жиынына аттанбақ. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар