Премьер Кубогі. Әліп пен Зайнутдинов негізгі құрамда

©globallookpress.com

Премьер Кубогінде алаңға шығатын ЦСКА мен "Зениттің" ойыншылары белгілі, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Мәскеуліктер сапында ұлттық құраманың жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов және "Зенит" қорғанысында Нұралы Әліп алғашқы минуттардан бастап ойнайды.

Ішкі чемпионат алдындағы матч Мәскеу төріндегі ВЭБ Аренада елорда уақытымен 23:00-те басталады.

Аталмыш турнирде "Зенит" екі матчта ("Нижний Новгород" - 1:1 (5:3) және "Сочи" - 1:1 (4:2) жеңіске жетсе, ЦСКА үшін жарыс аясындағы алғашқы ойын болмақ.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport